Түркияда тәжірибе жинап қайтты

294

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ағымдағы жылдың қаңтар айының 9-14 аралығында 40-тан аса аймақ ұстаздары Түркия елінде тәжірибе алмасып қайтты.

Анадолы жеріне табан тіреген түркістандықтар әуелі Ыстамбұл қаласындағы Абай атындағы мектепке ат басын бұрды. Заманауи үлгідегі мемлекеттік мекемеде білім берудің жаңа технологияларымен танысып, «Doga» колледжінде қонақта болды. Студенттер техникалық білімдерімен, ғылыми ізденістерімен, халықаралық жетістіктерімен ерекшеленеді.

Айта кетерлігі, Түркияда оқу жылы 15 қыркүйекте басталып, 15 маусымда аяқталады. Онда мемлекеттік, жекеменшік және кешкі  мектептер бар. Оқу жылы 2 жарты жылдыққа бөлінеді. Апталық жүктемеге 20-24 сағат ағылшын,  5-9 сағат неміс тілі енгізілген. Таңдау пәндеріне сай ата-аналар балаларына дін, аспаздық, өнер сабақтарын үйретуге  құқылы. Қыздар мен ер балалар бөлек сыныптарда білім алады. Шахмат пәні аптасына 8 сағат өткізіледі. Робототехника мектеп қабырғасында міндетті  саналады. Дене шынықтыру сабағының  10-12 сағаты  бассейінге арналған.

Облыс басшысының қолдауымен қолға алынған айрықша жоба жыл соңына дейін жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі