Құзырлылар мектепте жасөспірімдер қылмысы туралы ой қозғады

880

Шымкенттегі Қ.Спатаев атындағы №7-ші мектеп-лицейде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.

Қалалық білім басқармасының бастамасымен қаңтардың 19-29 аралығында «Қылмыссыз жарқын болашақ» атты он күндік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық: себептері мен салдарлары» аталған жиынға Шымкент қаласы әкімдігінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» маманы Шарипова Мөлдір Құтбайқызы, Шымкент қаласы отбасы балалар және жастар істер жөніндегі басқармасы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» маманы Есжанова Арайлым Мұхтарқызы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ұстаз Есназаров, Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Жұлдызбек Мулькубаев сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы кездесуге келген қонақтарға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселесі туралы ой қозғап, пікір-алмасып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

 

Мектептің белсенді оқушылары Темірхан Сайфудинов, Әбдеш Қазыбек, Адамбеков Жомарт, Ақбота Исаева және басқада оқушылар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Келген қонақтар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, оны болдырмау жолдары туралы әңгімелеп, оқушыларға жан-жақты мағлұматтар берілді.

Жанар Есенбекова