Адам өліміне себеп болған айыпталушы сот залынан босап шықты

382
inform.kz

Өткен жылдың тамыз айында Бәйдібек би көшесінде жол апаты орын алған еді. Жылдамдықты арттырған «Тойота» көлігінің иесі «БМВ» тізгіндеушісіне жол бермеген. Салдарынан қарама-қарсы келе жатқан жәбірленушінің машинасымен қоса жаяу жүргіншіні соққан. Оқиға орнында машина ішіндегілер жеңіл жарақаттар алса, жол жиегінде келе жатқан азамат тіл тартпай кеткен.

Жарты жылға созылған тергеу нәтижесінде сот Н. А шартты түрде бостандыққа жіберді. Тек БМВ көлігінің иесін 1 млн. 700 мың теңге өтемақы төлеу келісімімен. Ал қайтыс болған жүргіншінің әйелі сот шешіміне келіспей, залдан шықты.

Назерке Үкібасова