Алименттен жалтарып жүр…

534

Қазір Шымкентте осы санаттағы істердің 7 мыңнан астамы сот орындаушылардың өндірісінде жатыр. Оның 3 мыңға жуығы проблемалық санаттарға жатқызылған. Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2018 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланған брифингте мәлім болды.

Әділет департаментінің өкілдері алиментке қатысты арыз-шағымдардың жыл санап емес, күн санап артып отырғанына алаңдайды. Олардың айтуынша өткен жылы заңгерлерге келіп түскен арыз-шағымдардың 20 пайызы балаларының алдында борышын өтей алмай жүрген әкелерге қатысты болған екен.

Заң саласының мамандары борышкер әкелерге қатысты заң талаптарының жылдан-жылға қатаңданып келе жатқанына қарамастан тиісті төлемдерді өндіруде қиындықтар көп дейді.

Мәселен, заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерге сай 3 айдан көп уақыт алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әділет саласының қызметкерлері түрлі себептерге байланысты алименттен жалтарып жүрген 263 әкенің ісін ішкі істер органдарына тапсырған.

Мақпал Рысбаева