Еуроқұтылар жөндеуден өткізілуде

368

Әл Фараби ауданының әкімдігі көктемгі тазалық жұмыстарына кірісіп кетті. Аудан бойынша 400 аула бар. Осы аулалардың тазалығына 6 мекеме жауапты. Өздеріне жүктелген ауладағы қоқыстарды кесте бойынша тазалап жатыр.

Бүгін 21 шағын аудандағы шашылған қоқыстар тазартылды. Басты назарды қоқыс тасталатын алаңдардың жанында болды. Ондай алаңдардың саны ауданда 192 дейді сала мамандары.

Тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 672 еуроқұтыларды жөндеуден өткізу қолға алыныпты. Қатты тұрмыстық қалдық шығаратын мекеменің жұмысшылары 400 контейнерді қайта жөндеуден өткізіпті.