Шымкентте қоғамдық көліктен жолаушылар құлап кетті

470

Шымкентте қоғамдық көліктерге қатысты дау дамай ешуақытта толастамайды. Бұл жолы №47 бағыттағы қоғамдық көліктен жолаушылар құлап кеткен.

Оқиға «Жаңа шаһар» аялдамасында болған. №47 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушылар аялдамаға түсіп үлгермей жатып жүріп кеткен. Салдарынан екі әйел жарақат алды.

Олардың бірі аздап қорқып қалған, екіншісін ауруханаға жатқызуға тура келді. Оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.