Түркістан облысының және Шымкент қаласының ірі шенеуніктері салыққа қарыз болып шықты

447
фото Baribar.kz

«Отырар TV» теларнасының жаңалықтар қызметі тек кәсіпкерлер ғана емес, шенеуніктер мен депутаттардың да салық төлемейтінін анықтады. Қарыз иелерінің тізімінде атышулы шенеуніктер де бар.

Сонымен, Түркістан облысының әкімі автокөлік салығын яғни, 2 468 теңге төлемеген. Облыстық мәслихат депутаты Қайрат Балабиев бюджетке 6 450 теңге қарыз. Ол жеке тұлғалардың мүлік салығы және жер салығын төлемеген.

Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов 4 142 теңге қарыз. Ол жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуді артық санаса керек.

Мемлекетке аз да болса қарыздардың тізімін Полиция департаментінің басшысы Ерәлі Жұмаханбетов және Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков жалғастырады. Олар бюджетке мүлік салығына 237 және 616 теңге қарыз.
Аталған деректердің барлығы да Мемлекеттік кіріс комитетінің салық төлеушілер ашық базасынан алынды.

Динара Бекболаева