Түркістандық әрбір жас өзгелерге үлгі болуы тиіс

263
Абзл ТҰраров, тұрғын

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың 2018 жылы атқарылған жұмысы бойынша  халық алдында есебінде сұрақ- жауап барысында жастар  аға буын өкілдерінен қалыспай өзекті мәселелерді көтерді.

Абзал Тұраров, Түркістан қаласының тұрғыны: «Түркістан жастарының елді шулатқаны  белгілі. Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған спорт мектептері мен жеке клубтар  көптеп салынса. Тапсырма берсеңіз. Тағы бір өтінішім. Жасөспірімдер арасында 8 -11-ші  сынып оқушыларын  қамтыған Түркістанда кіші футболдан чемпионат өткізбекпіз. Сол жарысты ашып беруіңізді өтінеміз».

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев

Шақыртуды қабыл алған Жансейіт Түймебаев өз кезегінде  жас буынды 20-шы ақпанда облыс орталығында  жаңа үлгідегі жастар орталығының ашылу салтанатына  арнайы шақырды. Жастарды қолдау бағытында  өңірде атқарылған жұмыстармен  таныстырды.

Шалғайдағы Ащысайда жаңа спорт алаңшасы бар

 

 

«Өздеріңізге мәлім, меценаттардың көмегімен  аудандарда оншақты  спорт алаңшалары  салынды. Мемлекет тарапынан  бөлінген қаражатқа  Түркістанда  Олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебін саламыз. Барлық үйлердің ауласында ашық алаңшалар, жер төлелерде шахмат, дойбы, үстел теннисі секцияларын ашуды тапсырдық. Футболдан чемпионат өткізген дұрыс. Жайықтың арғы жағы, бергі жағы демей, темір жол шекара емес. Қазір Түркістан аудан орталығы емес облыс орталығы, осыны түсіну керек. Сондықтан да, түркістандық әрбір жас өзгелерге үлгі болуы тиіс» деді облыс басшысы.

Шынар Оразова