Халықаралық трассада жаға ұстатарлық жол апаты орын алды

445

Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасында жол-көлік оқиғасы орын алды. 18-нен 19 – ақпанға қараған түні трассада КамАз ауыр жүк көлігінің артынан жеңіл көлік соқтығысқан. КамАз жүргізушісі төмен жылдамдықпен жүріп келе жатқанын айтып отыр. Кенеттен жүргізуші жүк машинасының артқы жағынан қатты соққы болғанын сезеді.

Автокөліктен шығып көргенінде, «Камаз» көлігіне «Мазда» көлігі астына кіріп кеткенін көреді. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысының қайтыс болғанын мәлімдеген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар марқұмдардың денелерін әрең дегенде алып шыққан. Жол апатының салдарынан трассада кептеліс орын алды. Көліктер амалсыз айналма жолмен жүруге мәжбүр болды. Бүлінген автокөліктер жолдан алынып, жол қозғалысы қайтадан қалпына келтірілді.

Тергеушілер апаттың мән-жайын анықтау үстінде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.