Көпбалалы аналар әкімге баспана жайлы сұрақ жаудырды

213

Әл Фараби ауданының әкімі көпбалалы аналармен кездесті. Оларға құжаттарды қалай рәсімдеу қажеттігін түсіндірді. Қабылдауға келген алтын құрсақты аналар көкейіндегі сауалдардың жауабын алды.

Кездесуге арнайы шақырылған басқарма өкілдері өз салаларына қатысты сауалдарға жауап берді. Айта өтейік, Шымкент қаласында 39 мың көпбалалы ана бар. Олардың тең жартысы жалдамалы үйде тұрады.

Сондықтан да баспана мәселесі жиі көтерілді. Жиында 1-сәуірден бастап енгізілетін өзгерістер мен баспана кезегіне тұрудағы орын алғалы жатқан жаңашылдықтар жайында түсінік берілді.

Нұрлан Күдерұлы