Қ.Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болды

263

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, «Әзірет-Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық – мұражайының археологиялық және сәулет ескерткіштерімен танысты.

Сапар барысында Мемлекет басшысын мәдени нысандардағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы және мұражай-қорық аумағын жақсарту туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті облыс әкімдігінің әкімшілік ғимараттарының, Оқушылар сарайының, Туристік колледждің, Астана алаңының, Музыкалық фонтанның, Сервистік орталықтың құрылысы туралы баяндаманы тыңдады.