Шымкент қаласы әкімінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

1668
shymkent.gov.kz

Ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер мен аяулы арулар!

Сіздерді жыл басы көктеммен бірге келген айшықты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге деген ыстық пейіл мен өлшеусіз құрметті қабыл алыңыздар.

Әдеміліктің символы болған әйел – әлемнің тірегі. Мейірімділік шуағы Анадан тарайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Сіздерден бастау алып,  отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиешісі болып отырсыздар.

Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл мен даналық  бізге үлкен сенім мен жігер сыйлайды.

Жүздері күннің шуағындай жылы, тұла бойына сұлулық тұнған, айдай ажарлы жайнаған аруларымыз бүгінде еліміздің барлық салаларында жемісті еңбек  етіп, төл қаламыз Шымкенттің дамуына өзіндік үлес қосуда.

Перзенттерін дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанып Батыр Ана болып отырған ардақтыларымыз Сіздерсіздер!

Құрметті аналар, сүйкімді әпке-қарындастар, аяулы арулар!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге баянды бақ, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,

Шымкент қаласының әкімі