Шымкентте өрттен аман қалған қыз құтқарушыларға алғысын білдірді

310

Шымкентте тілсіз жаудан құтқарылған қыз өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны Тыныбекова Сапаркүлден алғыс хат алды.

«Сізге, Шымкент қалалық №1 өртке қарсы бөлімі қызметкерлерінің шұғыл және іс-әрекеттері үшін алғысымды білдіремін. Бұл ақпан айының соңында болды. Тағамды пешке салып, ұмытып кеттім, нәтижесінде бөлме түтінге толған. Көк түтінге тұншыққан мен талып қалыппын. Бірақ құтқарушы өрт сөндірушілер дер уақытында келіп, мені құтқарып қалды. Егер олардың кәсібилігі болмаса, қазір мен тірі болмас па едім? Мен өрт сөндірушілер өрт сөндіріп қана қоймай, алғашқы көмек көрсетуді білетініне көз жеткіздім. Мен сіздің қызметкерлеріңізге күш қуат, кәсіби жетістік, зор денсаулық, бақыт және игілік тілеймін», – делінген хатта.

Естеріңізге сала кетсек, 27 ақпанында түнгі 1:08-де шұғыл басқару қызметіне «Нұрсат» шағынауданындағы «Астана» даңғылының бойындағы пәтерлердің бірінде көп қабатты үйде көршілер түтін көріп, 101 нөміріне хабарласқан болатын. Оқиға орнына 2 техника мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жіберілді.

Өрт сөндірушілер, пәтер ішінде бір адам бар екенін біліп, темір есікті бұзып кіріп, қызды сыртқа алып шығып, алғашқы көмек көрсетті.

Хатта алғыс білдіруші Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшылығынан өрт сөндірушілерді көтермелеуді сұранған.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы