Шымкенттегі полиция департаментіне «зорлау» қылмысы бойынша арыз түскен

311

Шымкентте 19 жасар қыз зорланғанын айтып, жергілікті полиция департаментіне арызданған. Қазір бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әсел Саденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Ағымдағы жылдың 6-ақпанында Шымкент қаласының азаматшасы «зорлау» фактісі бойынша арызданған болатын. Бүгінгі таңда қылмыстық кодекстің 120-бабы – «зорлау» бойынша, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды».

Бізге белгілі дереккөздерге жүгінсек, өрімдей қыздың өзін зорлады деп айып тағып отырған азамат та осы полиция департаменті, ондағы жол-патрульдік полициясының өкілі, аға сержант болуы мүмкін. Ал зорланғанын айтып арызданған қыздың бүгін-ертең босанғалы отырғаны да белгілі болды. Сондай-ақ, 29 жастағы жас полицейдің үстінен дәл осы арыз түскен мезет, ол қызметінен босатылған.

Мөлдір Бекеева