Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынды өрттен құтқарды

260

Түркістан облысының Мақтарал ауданында учаскелік полицейлер жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде орын алған өрттің алдын алды. Оқиға ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Мақтарал ауданының Жантақсай ауылында болды.

Алдын алу іс шараларын жүргізіп жүрген Мақтарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқат Асқаров жеке үйлердің бірінің өртеніп жатқанын байқайды. Полиция өзінің әріптесімен бірге тез арада өрт қаулаған аумаққа қарай бағыт алады.

Уақыт созбай учаскелік инспектор А.Асқаров өрт сөндірушілерді шақырып, К.Өтегенмен тез шапшаң қимылдап үйдің электр құрылғыларын толығымен өшіріп, өртті сөндіруге кіріседі. Мақтарал АПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының қырағылық танытуының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйі өрттен аман қалды.
Мақтарал аудандық полиция бөлімінің басшылығы тәртіп сақшыларына өрт сөндіруде көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіріп, ал аудан әкімі өз кезегінде, учаскелік инспектор полиция капитаны Асхат Асқаровты және полицей Өтеген Кабылды мадақтамамен марапаттады.

Тілге тиек ете кетейік, Мақтарал АПБ-нің учаскелік инспекторы 27 жасар полиция капитаны Асқат Асқаров 2012 жылдан бері полицияда қызметте, ал полиция қызметкері Қабыл Өтегенов ішкі істер органы қызметінің құрамына жақында орналасқан жас маман.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі