«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының «Сардар» шекаралық кемесі еліміздің теңіздегі шекарасын күзету бойынша тапсырманы орындай жүріп, кеше кешкілік теңізден 12 000 м. калада, 6000 ілмекті ау тауып, жинап алып, 400 килограммға жуық бекіре тұқымдас балықты құтқарып, қайтадан теңізге жіберді.
Сөйтіп шекарашылар Мемлекетке келтірілуі мүмкін 100 000 000 теңгеге жуық шығынның алдын алды.
Жалпы, шекарашылар өткен екі айда ғана мемлекетке балық бойынша 300 миллионға жуық теңге зиян келтірудің алдын алды. Браконьерлерден 6,5 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын тәркіледі. 2019 жылдың өткен екі айында (1 қаңтардан 28 ақпанға дейін) теңіздегі шекаралық кеңістікті күзету міндеттерін орындау және шекаралық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды атқару барысында жалпы көлемі 87 911 метр браконьерлік құрал-жабдықтар (15 311 метр әртүрлі аулар, 72 600 метр коллада) тәркіленіп, жалпы салмағы мың килограммға жуық бекіре тұқымдас және бағалы тұқымды балықтар құтқарылып, қайтадан теңізге жіберілген болатын.
Екі айда атқарылған шаралардың нәтижесінде шекарашылар мемлекетке 293 миллион теңге зиян келтірудің алдын алды. Браконьерлерден 6,5 миллион теңгенің құрал-жабдықтары тәркіленді. Теңіз шекарашылары теңіз байлығына, судағы биологиялық қорға суық қолдарын сұғушылармен күресті ымырасыз жалғастыра береді.