Автобус жүргізушілерімен жасалған 112 ереже бұзушылық анықталды

132

Аталған іс-шараны өткізудегі мақсат – жол көлік оқиғасының алдын алу. Соның ішінде облыстық және қалааралық жолаушылар тасымалдайтын жеңіл көліктер мен микроавтобустардың қауіпсіздігін сақтау. Осы іс-шара барысында жүргізушілердің ҚР жол ережелерін сақтауы қатаң қадағаланады.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, автобус көліктерінң қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларыныңсанын азайтып тұрақтандыру және автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 23 сәуірі мен 02 мамыр аралығында облыс аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға барлығы 337 қызметкер қатысып, алдын-ала және кезеңдік тексерулер жүргізілуде, оның ішінде жүргізушілердің сапарға дейінгі баратын медициналық тексерулер мен олардың жұмыс пен демалыс режимін сақтауы анықталуда. Іс-шараның 1-ші күнінде автобус көліктерінің жүргізушілерімен жасалған барлығы 112 ереже бұзушылық анықталды.

Оның ішінде, жолаушыларды тасымалдау ережесінің бұзудың 6 жайты, еңбек режимін бұзудың 4, автобустарды заңсыз қайта жабдықтаудың 13, теникалық байқаудан өтпеудің 11, автобус басқару барысында ұялы телефонды қолданудың 35, белгіленген жылдамдықты асырудың 16, маневр жасау ережесін бұзудың 10 жайты анықталды. 4 автобустың мемлекеттік тіркеу белгілерін алу арқылы оларды пайдалануға тыйым салынды.

Рейд кезінде, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға үндейді. Олар автобустар мен автобустардың жүргізушілерін Жол ережесін бұзбауға, жолдарда қырағылық танытып, мұқият болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын үнемі тауып отырады. Ал, аталған акция мамыр айының 2-сіне дейін қамтылады.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі