Электр қорабынан өрт шықты

156

Өрт туралы ақпарат 2019 жылғы 24 сәуірде сағат 16.04-те Шымкент қаласы 11 шағын ауданында Ш.Уалиханов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына алғашқы 3 өрт сөндіру есептері 13 минут ішінде жетіп келді. Үйдің 2,3 және 4-қабаттарында электр қорабы мен электр есептегіштері жанған. Өрт сөндіру қызметінің 14 адам жеке құрамы мен 4 техника өртті сөндірді.

Сондай-ақ, оқиға орнында Медицина апаттар орталығы филиалының 1 бригадасы жұмыс жасады. Өрт сағат 16.34-те оқшауланып, сағат 16.39-да толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда.

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 22 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның ішінде 10 бала. Үйдің 3 тұрғының құтқарды: 1943 ж.т. ер азаматты, 1983 ж.т. азаматшаны және 2017 ж.т. жас баланы.

Ернар Балабеков