Шымкент қаласының әкімі Twitter-ге оралды

222
Tengrinews.kz

Бұл туралы Ғабидолла Әбдірахымов парақшасы арқылы бөлісті

«Бәріңізге сәлем! Бүгін Twitter-ді қайта қостым. Жаңалықтармен бөлісіп тұрамын. Әкімдік жұмысына қатысты ұсыныстарды күтемін» деп жазды Шымкент әкімі.

Араға көп ұзамай Ғабидолла Әбдірахымов тағы да жазба қалдырды.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Кешеден бастап әкімдік әлеуметтік көмекке байланысты құжаттарды қабылдауды бастады. Бір күнде 12 мың адам қабылданды. Жалпы біз 21 мың азаматты күтудеміз. Қалада 10 орталық жұмыс істеп жатыр. Алдымызда 30 күніміз бар»,-деді қала басшысы.

Айта кетейік, Шымкент әкімі Әбдірахымов Twitter желісіне 2011 жылы тіркелген. Тек қалаға басшылық етіп тұрған тұста желі парақшасын жаңартпаған.

QAINAR KÓZelitar.kz