Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлықтарына алды

158

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е. Жұмаханбетов жеке құраммен өткізген аппараттық жиналыста қаладағы «№4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алатыны жөнінде ұсыныс тастап, жеке құрам қызметкерлері бірауыздан қолдады.

Ақпарат үшін: Қазіргі таңда №4 балалар үйінде 92 бала тәрбиеленуде. 2018 жылы 17 түлек бітірді. 1957 жылы құрылған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 Сайрам мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі 1992 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № Сайрам балалар үйі ретінде қайта құрылды. 2014 жылы 24 қыркүйектен бастап Шымкент қаласы №4 балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып тіркелді.