Шымкенттік студенттер әскери қызметтің қыр-сырымен танысты

223

Бүгін шымкенттік студенттер 40 күндік әскери қызметтің жұмысымен танысты. Ашық есік күнінде олар мектеп базасындағы 7 бірдей нысанды аралап, инжинерлік-техникалық дайындықтың куәсі болды.

Айта өтейік, қалалық әскери техникалық мектепте оқуға ниеттілер 3 бағыт бойынша білім алады. Мұнда сарбаздар атқыш, әскери көлік жүргізушісі және 3-сыныпты радио байланысшы мамандарына машықтанады.

Сондай-ақ, әскери тәлімгерлер медициналық тесеру кезінде қатаң талаптардың жоқтығын айтады. Себебі, казармада майтабандар мен денсаулығында басқа да кінараттары кездескен азаматтар да бар екен. Әскери билетке қол жеткізген түлектер мемлекеттік жұмысқа немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке ораналаса алады.

Айя Мүтәлі