Ыстық клизмадан зардап шеккен бала арнайы рейспен Алматыға жіберілді

375

Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында медбикелердің немқұрайлылығы салдарынан қатты күйік алған бала Алматыға емделуге жіберілді. Мұны баланың анасы талап еткен болатын.

Бүгін баласы анасымен бірге Шымкенттен Алматыға арнайы рейспен жіберілді, республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында соңғы құрал-жабдықтармен толық ішкі диагностика жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының бастығы және қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, астаналық клиникада емдеудің қажеті жоқ екенін және баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтқан болатын. Алайда, баланың қарқынды терапияға жатқаны анықталды. Ал анасы баланы астаналық медициналық мекемеге жедел жеткізуді талап етті. Бірақ баланы Нұр-Сұлтанға емес, Алматыда емдеу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, бала 25 сәуірде сағат 11: 49-да қалалық инфекциялық ауруханасына «орташа ауырлықтағы ЖРВИ» диагнозымен жатқызылған. Баланың іш қатуына байланысты анасының өтініші бойынша клизма жасалған. Мейірбике процедура барысында судың температурасын тексермеген, салдарынан бала термиялық күйік алған.

Клизма жасалған су температурасы 50-60 градус болған, ал негізінде 30 – 35 градус болуы тиіс болатын.