Жетісайда өгей шешенің абысыны отбасыға қатысты бар шындықты айтты

442
фото Stan.kz

Бүгінде қоғам назарында тұрған оқиғаға қатысты күн сайын жаңа деректер пайда болуда. Күні кеше өгей шешелерінен зәбір көрген қыздардың әкесінің жеңгесі, яғни, өгей шешенің абысыны отбасыларына қатысты тағы біраз шындықтың түндігін түрді.

Абысынының айтуынша, қорлық көрген қыздардың әкесі жағындағы туыстары олардың бұдан алдын да денелері көгеріп жүретінін талай мәрте байқаған. Қыздарды өз қамқорлықтарына алмақ болғанда әкелері айқай шу шығарып, қыздарды бермейтінін, қыздарға қарайтын адам керек болғандықтан ғана үйленгенін айтып, талай рет үйінен де қуып шығыпты.

“Қыздардың тілдері ісіп кеткен. Дұрыстап сөйлей алмай қалған кездері де болған. Басынан ұра бергеннен кейін көгеріп кетіп, көзіне дейін түскен. Үйлеріне барғанда қыздар «үйге келмеңіздер» деп жылайтын. Шаштары қалың болатын. Қазір жұп – жұқа. Шаштарын қиып тастаған. Жұлған. Қыздардың денелері көгеріп кеткенін әкесі бұдан бұрын да байқаған. «Неге бұлай?» деп сұрағанында үлкен қызы байқалмасын деп тональды крем жағып, далаппен бояп қойыпты. Қыздар әкесін маңайына жолатпаған. Олар әкелері уайымдамасын деп алдаусыратқан. Әкесінің күдігі болған зәбір көргендеріне. Енем екеумізді мектепке шақырды. Инспектордың номерін алдық қыздарды күштеп алып кетеміз дегенде қайным «қыздарымды жылатпаңдар, мені ажырастырайын деп жатырсыңдар. Менің отанымды бұзып жатсыңдар» деп айқайлаған соң үйден шығып кеттік» дейді абысыны.