Құзырлылар меморандумға отырды

156

Түркістан облыстық білім басқармасының,  Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысы, Түркістан облысы отбасының балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы, «Қазақстан медиаторларының ассоциациясы» бірлестігінің Президенті және Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы меморандумға қол қойды. Аталған сот төрағасы Қ.Қоңырбаев басқосуда  Меморандумды түзу мақсаты – тараптардың өзара ынтымақтастық пен кәмелет жасына толмағандардың арасында құқық бұзушылықты жасауға жол бермеудің алдын алу, қазақстандық патриотизмді және жасөспірімдер арасында туындайтын дауларды медиация тәртібімен шешуді кеңінен насихаттау екендігін атап өтті.
  Меморандумды бекіту кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды және қалыпты емес дағдарысты алдын-алу мақсатында кездесулер сондай-ақ, жастарға жеке психотүзету жұмыстарын жүргізуге, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар барысында анықталған құқықбұзушы жастармен психодиагностика және психокоррекциялық жұмыстарын жүргізуге, Қазақстандық патриотизмді насихаттау жөніндегі имидждік іс-шараларға жастарды белсенді түрде тарту, қатыстыру, соттың ашықтығы мен кәмелетке  толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ашық сот отырыстарын өткізу, сот процестеріне кәмелеттік жасқа толмаған жастарды қатыстыруын қамтамасыз етуге бағытталған.