Ауруханадағы науқастар мен жазасын өтеушілер де сайлауға қатысады

328

Шымкент қалалық сайлау комиссиясы «Нұрсәт» шағынауданындағы  әкімдік ғимаратының бірінші қабатында жайғасқан. Қазіргі таңда сайлаушылардың тізімі анықталуда.

Қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша шаһарда 260 сайлау учаскесі бар. Олардың 19 жабық мекемелерде орналасады. Әлеуметтік оңалту орталығы, қарттар үйі, аурухана мен тергеу оқшаулау орындарындағы азаматтар да дауыс береді.

Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық сайлау комиссиясының хатшысы: «ҚР «Сайлау туралы» заңының 20, 1 бабы бойынша жазасын өтеушілер, науқастар, қарттар үйіндегі азаматтар  сайлауға қатысады. Азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс береді».

Шынар Оразова