Шымкентте ірі жол апаты орын алды

214

С. Бәйтереков пен К. Жәнібеков көшелерінің қиылысында ірі жол апаты орын алды. Мұнда бірден үш көлік Toyota Highlander, Golf және Lada соқтығысқан.

Қатты соққыдан Тойота көлігі жолдың жиегіне ұшып кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция жедел жетті. Дәрігерлер 19 жастағы зардап шеккен азаматты ауруханаға алып кетті. Апаттың нақты себептері зерделену үстінде.