Түркістанда 1 келі пияздың бағасы – 53 теңге

468

Түркістан базарында 120-150 теңгеден сатылып жатқан пияздар, 1-мамыр мерекелік іс-шарасының барысында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 53 теңгеден сатылымға шықты. Сондай-ақ, күнделікті тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды. Мәселен, картоптың келісі – 75, сәбіз – 70, макарон – 150, күріш – 194, шекер -220, сиыр еті – 1250 теңгеден сөрелерге қойылды.

Жалпы бүгінгі күні Түркістан қаласында 14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Одан бөлек, мереке және жексенбі күндері облысқа қарасты аудан-қалалардан келген шаруалар өз өнімдерін тұтынушыларға арзан бағамен ұсынуда.