1 гектардан 18-20 тонна картоп алуда

480

Сайрам Ауданында картоп егістігінің көлемі артып отыр. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылығы саласында 63,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Облыстағы үлес 11,7 пайызды құрап, 1-ші орынға тұрақтады.

Өткен жылы ауданда 52 288 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Нәтижесінде 34 200 тн.бидай, 8 056 тн.майлы дақылдар, 123 946 тн.көкөніс, 60 200 тн.картоп, 18 100 тн.жеміс-жидек, 13 680 тонна жүзім және басқа да дақылдар жиналып алынды. Биыл 3500 га картоп егілмек.

Қарабұлақ ауылындағы «Лола» шаруа қожалығы. Егістік көлемі 12 га. Оның 3 га картоп егілген. Гектарынан 18-20 тонна өнім алынуда. Ерте піскен картоп Нұр-Сұлтан қадасына жөнелтілуде

 

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі