«Ақ мешітті» 2000-ға жуық адам паналап отыр

168

Көздің жасы! Көкейдегі үміт! Баласын іздеген, ата-ана! Арыстағы қайғылы жағдайдан зардап шеккендер Шымкенттегі «Ақ мешіт» жанындағы қонақ үйге жайғасып жатыр. Келушілер дәл осы ортадан қаладағы қабылдау бекеттеріне жіберіледі.

Балғынбаева Нават қорыққаннан әлі есін жия алар емес. Бас сауғалап жол бойындағы көліктермен Шымкентке әрең жеткен. Алайда, отағасы мен баласы дәл сол әскери бекетте қалып кеткен. Не істерін білмей отырған ана, мешітте тек жалынумен жақсы хабар күтіп отыр.

Мешіт жанындағы аядай қонақ үйде 2000-ға жуық адам паналады. Жарылыс кезінде қорыққаннан қашып келген немесе бала бақшадағы кішкентайларды осы жерге жайғастырып жатыр. Ата-анасының аты -жөні анықталып, алып кетушілердің фотолары мен видеолары жинақталуда.

Нұржан Қаракөзов, Шымкент қаласы төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері: «Кішкентай бүлдіршіндердің аты-жөні жазылып, мектеп басшылығына барып, білім басқармасымен бірлесікен іс – шара жүргізілуде. Ата – ана келіп қолхат жазып, баласы ата-анасын таныған соң беретін боламыз».

Орталық мешіт қызметкерлері келушілердің осы жерде қанша уақыт күнелтетіні белгісіз дейді. Сол себептен, жомарт жандар әлі де қол ұшын созуына болады. Кішкентайларға арналған заттар ең бірінші кезекте.

Ғалымжан Кенжебек