Көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 3 адам құтқарылды

82

Шымкенттік өрт сөндірушілер үйден шыққан өрт кезінде 3 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. 6 желтоқсанға қараған түнгі сағат 03:18-де 101 кезекші бөліміне Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан үйден өрт шыққаны туралы суыт хабар түседі. Оқиға орнына 22 құтқарушы мен 5 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы аттанады.

Көрсетілген мекенжайға келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынның 5 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерден шыққанын анықтайды. Тіліз жау 03:40-та оқшауланып, сағат 03:55-те толық сөндірілді.

Өрт сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 адам шығарылып, құтқарылған. Иіс газынан уланған 60 жастағы ер кісі орташа дәрежеде зардап шегіп, оттегі қысымымен емдеу орталығына жеткізілді.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы