«Дені сау дәрігер-дені сау пациент» спартакиадасы өтті

447

«Дені сау дәрігер –дені сау пациент». Осындай атаумен Шымкентте медицина қызметкерлері күніне арналған спартакиада өтті. Спорттық бәсекеге қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардағы қызметкерлерден құралған 39 команда қатысуда. Оның ішінде жекеменшік медициналық орталықытары да бар.

Ақ xалаттылар футбол, арқан тарту, үстел теннисі, волейбол сынды төрт спорт түрінен өзара бақ сынады. Бір күнге созылған жарыста медицина қызметкерлері спорттық ойныдарға белсене қатысып, сайыста мықты екендерін көрсете білді.

Спартакиада нәтижесі бойынша №1 қалалық клиникалық ауруxана жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Онкологиялық орталық екінші орынға ие болса, ЖИТС-пен күрес орталығы үшінші орынға жайғасты. Спартакиада соңында жеңіске жеткен командаларға денсаулық сақтау басқармасы және кәсіподақ атынан марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.