Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

563

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілерін құттықтады.

Салтанатты мерекеде аудан әкімі Б.Омарбеков сөз алып: «Осыдан 20 жыл бұрын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заң Қазақстандағы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілер әрбір саяси реформамен жүктелген міндеттерді кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!»,-деді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге уәде берді.

Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар 20 мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік қызметкер облыстық мәслихат грамотасымен, 7 мемлекеттік қызметші аудандық мәслихат грамотасымен марапатталды.

Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен концерттік бағдаралама қойылып, Төлеби аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің патриотизмге шақыратын әндері шырқалды.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі