Шымкентте сегізінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап кетті

390

Шымкентте сегізінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен үш жасар бала құлап кетті. Оқиғаны куәгерлердің айтуы бойынша, оқыс оқиға Н. Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты үйде орын алған. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ересектер үйде болмаған. Бала сол заматта бақилық болды.

Жедел жәрдем 10 минутта жеткен. Жазғы аптап ыстықта терезені айқара ашудан басқа амал жоқ. Алайда көпқабатты үйлер үшін ол ажал апаны болып отыр. Соңғы әлетте көпқабатты үйлерде балалардың терезен құлауы жиілеп кетті. Бұл өз кезегінде ата-аналардың сақ болуын талап етіп отыр.