Шымкенттегі жарылыс: жұмысшы қайтыс болды

219

Шымкентте қуатты жарылыс болған газ толтыру стансасының қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Гипербарикалық оттегі орталығының мамандары хабарлап отыр.
Жігіт күні кеше 18:10-да қайтыс болған.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматты аман алып қалу үшін ажалмен арпалысқанымен, қолдан келер қайран болмады. Еліміздің басқа өңірлерінен түрлі мамандар шақыртылған. Өкінішке қарай, жарылыс кезінде алған жарақаты ауыр болып, жігіттің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

«Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан бетін, мойынын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз етілді, алайда денесінің басым бөлігін күйік шалған болатын», – деді орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар Е. А Шымкенттегі жанармай құю бекетінде болған қатты жарылыстан зардап шеккен болатын. Оның денесінің 98 пайызын күйіп қалған-тын.