Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік соғып кетті

248

49 жастағы азаматша жолды кесіп өтемін деп көлік астында қалды. Оқиға тура жаяу жүргіншілер жолағында яғни, Жолдасбеков пен Желтоқсан көшесінің қилысында тіркелді. Бұл учаскеде жол апаты жиі болады деген тұрғындар жергілікті әкімшілікке емес жауапты органға барып шағымданулары қажет.

Дәл осы жолақ жергілікті тұрғындары үшін үлкен проблемаға айналған. Еңбекші ауданына қарайтын Жолдасбеков пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы. Жаяу жүргінші жолағынан осы күнде қорқынышпен өтіміз дейді тұрығндар

Жергілікті тұрғындардың бірі «Бала-шағам жолдан өтер кезде жолға жүгіріп шығамын да қолымды көтеремін. Осыдан кейін өткізеді әйтпесе бұл үлкен трасса ғой, арнайы кедергі де орнатылмаған» дейді.

Күні кеше тағы да осы жолақта 1970 жылғы әйкелі кісіні БМВ маркалы автокөлік қағып кетті. Оқиға апақ-сапақта болған. Шақыртылған дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға әкетті. Басы мен аяғы жарақаттанған. Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары бұл проблеманың барын білетіндерін айтты. Бірақ шағымды жолға жауптыларға жолдаған дұрыс деп кеңес берді.

Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Бұл көшеде жаяу жүргінші жолағы бар. Бірақ оны қадағалау, уақытылы әрлеу жұмыстарына қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты. Сол себептен де жолға қатысты проблемалар бойынша тисті мекемеге арыздану қажет».

Орын алған жол көлік оқиғасы бойынша Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушіге ҚР ӘҚБК-нің 610 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғандығын мәлімдеді.

Ернар Балабеков