БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ

249

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 21-бап 3 тармағына сәйкес:

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері (эпидемиялық маңызы бар объектілер) екі топқа бөлінеді:

      1) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер;

      2) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер.

ҚР ҰЭМ 20.07.201ж. № 285 және ҚР ДСМ 26.06.2017ж. № 463 бірлескен бұйрығына «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары» 1 қосымшасына сәйкес:

– Балалар сауықтыру және санаторлық объектілері (жыл бойғы, маусымдық);

– Барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері;

– Балалар мен жасөспірімдердің тұруымен барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері;

– Ұйымдасқан ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, интернаттық ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, вахталық кенттер, құрылыс алаңдары, өнеркәсіптік объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;

– Балалар мен жасөспірімдердің тұруынсыз білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары;

– Арнайы, коррекциялық тәрбиелеу және білім беру кабинеттері, оңалту орталықтары эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады.

– Техникалық, кәсіптік оқыту, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру объектілері;

-Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын, дене тәрбиесін және шығармашылық қабілеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркемсурет мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

– Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді дайындау, сақтау және өткізу жөніндегі объектілер(аяқкиім, киім, ойыншықтар) эпидемиологиялық маңыздылығы болмашы объектілерге жатады.

Кодекстің 21-1 бап 2- тармағына сәйкес: «Талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады».

Кодекстің 21-1 бап 3- тармағына сәйкес: Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚРЗ белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметі (пайдаланылуы) басталғаны және тоқтатылғаны туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларын хабардар етуге міндетті.

      Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

ҚР ДСМ 28.04.2017ж. № 217 бұйрығына 2-қосымшасы: «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады»;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      аккредиттелген зертханалар жүргізген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті сынақтар (зерттеулер) тізбесіне сәйкес хаттамаларының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялықэпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әріЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Стандарттың 9- тармағына сәйкес: «Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады».

Стандарттың 10- тармағына сәйкес: «Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар»:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 18.09.2009ж. Кодексінің 144-бабының, 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі (шағымдану тәртібі стандарттың 3 тарауында көрсетілген).

А.Монтаева

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы