Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан 2020 әскери бөліміне жақын жерде өрт шықты. Жетісай-Шымкент тас жолының 120-шы шақырымында орын алған.
6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш қаласынан 120 шақырым жерде, 2020 әскери бөліміне жақын маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері күшімен сағат 22:35- те қызыл жалын ауыздықталып, 22:57-де толық сөндірілді. 3 гектарды өрт шарпығаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған.
Жанар Есенбекова