Конституция күніне орай Түркістанда 660 отбасы баспаналы болды

328

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай облыс әкімі Ө.Шөкеев 15 түркістандық отбасыға пәтер кілтін табыстады. «Отырар» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Барша жиналған қауымды қала әкімі құттықтап, жаңа пәтердің кілттерін тапсырды. Бұл жолы пәтер иелері атанғандар – кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар.

Жаңа баспана иелеріне арнап бірден 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады.

Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Жарық тартылған, судан тапшылық жоқ. Жылу мәселесі де шешілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әдемі әрленген. Барлық пәтерлерге қажетті коммуникациялар түгелдей жасалаған.

Кілт табыстау рәсімі мұнымен тоқтап қалмады, облыс әкімі жаңа пәтерге қоныстанған жанұяны құттықтай келе пәтер табалдырығын бірге аттап, өзінің жылы лебізін білдірді. Ал, баспаналы болған отбасы мүшелері көптен күткен үйге қол жеткізгендеріне алғыстарын білдіріп, қуанышты сәттерімен бөлісті.

Іс-шараға жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жыл соңына дейін қала тұрғындарына 5 қабатты 9 тұрғын үй қолданысқа беріледі.