Жылу беру маусымының қарсаңында жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан бөлінген газоанализатор құрылғыларын тарату жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі орналасқан 70-75% әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға газоанализатор құрылғылары таратылды.
«Пешіңіз қысқа дайын ба?» тақырыбында халық арасында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіліп, іс-шара соңында жадынама парақшалары таратылды.
Қ. Есенбек
Бәйдібек ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты