Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен кездесті

433

 Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдарындағы облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішевтің қатысуымен жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ашып жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес, Әмірдин Мұхидденұлы сөз алып, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы, әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюдың жолдары, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы, әділдігі, қарапайымдылығы, сыпайылығы, сапалы қызмет атқаруы, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, әдеп уәкілі тарапынан тұщымды жауаптар алды.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі