Бүгін Брест қаласы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыстайды

200

ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы – Беларусь Республикасының Брест қаласы. Брест мәдени астана эстафетасын 9 желтоқсан күні қорытындылап, бұл мəртебені Шымкент қаласына табыстамақ. Шымкенттік делегация күні кеше аталмыш қалаға аттанып кеткен болатын.

Шымкенттің мерейін асыратын мәртебелі шараларға дайындық әлдеқашан-ақ басталып кеткен. Бүгінде Ескі қалашықтағы Цитадельде жұмыс қызу жүргізілуде. Мұнда аспан астындағы мұражай, амфитеатр ашылмақ. Туристердің қызығушылығын атттыратын орындар болады деген сенім мол.

Бұдан бөлек, мәдени іс-шаралар да көптеп өткізілмек. Сан ғасырлық тарихы бар Шымшаһардың мерейлі мерекесін жыл бойы жоғары деңгейде өткізуге шымкенттіктер қызу дайындық үстінде.