Металл қабылдау нүктелері бойынша кезекті рейд өткізілді

100

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері ұрланған заттарды, соның ішінде кәріз люктерін сатып алуға және өткізуге жол бермеу бойынша рейд жүргізді.

Полицейлер қала аумағында орналасқан 70-тен астам металл қабылдау нүктелерін тексерді. Металл қабылдау нүктелерінің иелері тарапынан құқықбұзушылық жайттары анықталынбаған және олармен профилактикалық әңгіме сұхбат жүргізілді.

Полиция металл ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Осындай қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды жасаған тұлғалар туралы Сіз полицияға «102» телефоны арқылы немесе 21-21-87 сенім телефоны арқылы хабарлай аласыз.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі