ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты.
Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді.
Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс нысандарын қоршау керегін баса айтты.
Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс нысандарында жұмыс істеп жатқан барлық автокөліктер жуылып, үшінші мегаполистің тазалығын сақтауға қатаң тапсырма берді.