Әлеуметтік көмек алушылардың 169-ы жұмыспен қамтылды

86

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша 20 458 отбасыға қызмет көрсетілді. 6 429 отбасының өтініші қабылданып, 606 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Өтініш қабылданған 6 429 отбасының 4 207-сі шартты, 2 222 отбасы шартсыз түрде алушылар деп танылды.

46 өтініш кері қайтарылды. Яғни, мұқтаж емес деп танылған.
Қазіргі таңда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың шараларына 1 914 адам жолданып, оның 169-ы тұрақты еңбекпен қамтылған.

Еске сала кетейік АӘК-ке мынадай құжаттар тапсырылады:

– Жеке куәлік;
– Өтініш берушінің банктен ашқан жеке есеп-шоты;
– Отбасында 23 жастан аспаған студент болса, оқу орнынан анықтама;
– Некені бұзылғандығы туралы куәлік болған жағдайда алимент туралы анықтама;
– Әке болып тану туралы (егер әкесі отбасында бірге тұрмаса) куәлік болғанда – алимент туралы анықтама қажет.