Шымкент темір жол вокзалында болған өрт жайлы ТЖД мәлімдеме жасады

172

21 қаңтарда түнгі сағат 02:07-де «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданындағы Анаров көшесінде орналасқан Шымкент қаласының темір жол вокзалының ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 52 адам жеке құрамы және 12 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткен бойда анықтағаны ғимараттың 1-ші қабатындағы қосалқы үй-жайда 6 шаршы метр жерде ескі жиһаздар, қағаз қорапшалар жанғанын анықтаған. Өрттің беті сағат 02:18-де оқшауланып, 02:27-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше 30 адам өздері үй-жайдан шығып кеткен. Өрттің шығу себебі-анықталуда. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Құрметті ұйымдардың басшылары! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтауды сұранмыз! Қосалқы үй-жайларға бөгде адамдарға кіруге шектеу қойыңыз. Тез жанатын заттарды сақтамаңыздар, мүмкіндігінше қосалқы және жер төле үй-жайларды ескі жиһаздардан және қағаздардан тазартыңыз.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы