Шымкентте аудан әкімдерінің есеп беру жиыны басталды

241

Президент жарлығына сәйкес Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

Есепті кездесу «Сәуле» шағынауданында орналасқан №129 ЖОМ-де өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің мамандары қатысты.

2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған Ғабит Патшаханұлы өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестиция көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыстарды мәлімдеді. Алдағы уақытта атқарылатын жоспарларымен де бөлісті.

Аудан әкімінің есепті кездесуіне «Сәуле», «Откорм», «195 орам», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарының тұрғындары қатысып, әкімнің жұмысын қатанғаттанарлық деп бағалады. Өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін жеткізді.