Шымкентте теміржол вокзалының ғимаратында өрт болды

179

Оқиға орнында болған тілшіміздің хабарлауынша, өрт 20-21 қаңтарға қараған түні басталған.

Түнгі сағат 03:00 шамасында вокзал кассаларының бірінде өрт шықты. Адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды.

Оқиға орнында төрт өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Ресми түсініктемелер әлі алынған жоқ.

Шакир Умаров