Түркістан қаласының әкімі тарихи мәлімдеме жасады

91

Киелі мекен Түркістанның жасы 1500 жыл емес, 2800 жыл деп қалабасы Рашид Аюпов мәлімдеді. Оның сөзін археологтар мен белгілі сарапшылар да қостап отыр.

Рухани астанамыздың басшысы Түркістанға 2800 жыл деп сендіріп отыр.

«Қаламыздың болашағы үшін маңызды жаңалықпен бөлісейін. Кеше ЮНЕСКО-ның арнайы өкілі Дмитрий Воякин және еліміздің беделді археологы Бауыржан Байтанаевпен кездесу өткіздік.

Кезінде, толық зарттеулер жүргізілместен, қаламыздың жасы 1500 жыл деп жорамалданып кеткен еді. Қазіргі таңда, қаламыздың жасы кем дегенде 2200 жыл екені айтылып, урбанистика заңына сай тіпті 2500-2800 жыл деген негізделу мүмкіндігі жоғары болжамдар бар.

Осы жылы, қарқынды археологиялық жұмыстар жасалып, келер жылдың соңына дейін нақты жасы анықталып, ЮНЕСКО тарапынан бекітіледі.

Бұл терең тарихымызды бүкіл әлемге көрсетіп, туристер санын көбейтуге, жергілікті халықтың ахуалын жақсартуға бағытталған маңызы зор жұмыс болмақ.

Ендеше, сәттілік тілеп, қолдап қойыңыздар, достар!» делінген Рашид Аюповтың facebook желісіндегі жазбасында.