Жетісайда қыстың күні 30 гектар аумаққа қырыққабат егілді

262

Қазіргі таңға дейін Жетісай ауданында 30 гектар аумаққа қырыққабат көшеті отырғызылған.

Атап айтар болсақ Абай ауылдық округінде 11 гектарға егілсе, Атамекен ауылдық округінде 19 гектар аумаққа көшеттер отырғызылған. Дихандардың ең көп егіп жатқан сорттары 70 күнде пісетін Магнус және 60 күнде пісетін Фарао болып табылады. Биылғы жылдың жоспары бойынша шамамен 1500 мың гектарға қырыққабат егіледі деп жоспарлануда.

Былтыр Жетісай ауданында 1020 гектарға қырыққабат егілсе, тиісінше одан 39 мың тонна өнім алып, әр шаруа 5 -7 миллион теңгеге дейін пайда тапқан.

 

QAINAR KÓZЖетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі