Жыл басынан бері Шымкентте 4 адам газдан уланып қайтыс болды

197

Жыл басынан бері Шымкентте 4 адам газдан уланып қайтыс болды. Осылай деген шымкенттік төтеншеліктер Еңбекші ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғынүйлерді аралады.

Айта кетейік, Теріскей шағынауданындағы бірқатар тұрғын үйлерде газ калонкалары заңсыз орнатылған. Осының салдарынан өткен жылы мұндағы бір отбасының 2 адамы газдан уланып, қайтыс болған еді. Түсіндіру жұсыстары барысында аталған үйді қайта тексеру мүмкін болған жоқ. Алайда, өзге пәтерлер тексеріліп, қателік анықталған жоқ.

Назерке Үкібасова